КҮНДЕЛІКТІ ОҚЫЛАТЫН СҮРЕЛЕР
№1 Фатиха сүресінің қасиеті
Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.»(Әбушшәйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.»(Тирмизи)
Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
__________________
№1 «Фатиха сүресі»
👉 https://vk.com/club177155416
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаға сыйынамын.
1) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
2) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.
3) Аса қамқор, ерекше мейірімді.
4) Қиямет күнінің иесі.
5) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!
6) Бізді тура жолға сала көр!
7) Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!
Ә‘узуби-лляхи мин аш-шайтони р-рожиим
(1) Бисмиллаһир рахманир рахиим
(2) әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин
(3) әррахманир рахиим
(4) мәлики йәумид диин
(5) иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин
(6) иһдинәс сирәтал мустәқиим
(7) сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд даллиин.
أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
(1 ١) بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
(2 ٢) ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَٰلَمِينَ
(3 ٣) ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
(4 ٤) مَٰلِكِ يَوْمِ ٱلدِّينِ
(5 ٥) إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ
(6 ٦) ٱهْدِنَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلْمُسْتَقِيمَ
(7 ٧) صِرَٰطَ ٱلَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ ٱلْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا ٱلضَّآلِّينَ
__________________
№112 «Ихлас сүресі»
👉 https://vk.com/club176977045
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла, Біреу ақ.
(2) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)
(3) Ол тумады да, туылмады.
(4) Әрі Оған ешкім тең емес.
Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) қул һууаллаһу әхәд
(2) аллаһус самәд
(3) ләм йәлид уәләм йууләд
(4) уәләм йәкул ләһу куфууән әхәд.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
(1 ١) قُلْ هُوَ ٱللَّهُ أَحَدٌ
(2 ٢) ٱللَّهُ ٱلصَّمَدُ
(3 ٣) لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ
(4 ٤) وَلَمْ يَكُن لَّهُۥ كُفُوًا أَحَدٌۢ
__________________
№113 «Фәләқ сүресі»
👉 https://vk.com/club176951183
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) (Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»
(2) «Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
(3) «Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»
(4) «Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
(5) «Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.
Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) қул әъууз̃у бираббил фәләқ
(2) мин шәрри мә халәқ
(3) уәмин шәрри ғасиқин из̃ә уәқаб
(4) уәмин шәррин нәффәс̃әти фиил ъуқад
(5) уәмин шәрри хәсидин из̃ә хәсәд.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
(1 ١) قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلْفَلَقِ
(2 ٢) مِن شَرِّ مَا خَلَقَ
(3 ٣) وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ
(4 ٤) وَمِن شَرِّ ٱلنَّفَّٰثَٰتِ فِى ٱلْعُقَدِ
(5 ٥) وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ
__________________
№114 «Нас сүресі»
👉 https://vk.com/club176942024
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) (Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,»
(2) «Адамдардың иесіне,»
(3) «Адамдардың Тәңіріне,»
(4) «Сыбырлап азғырушының кесірінен,»
(5)«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»
(6) «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.
Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) қул әъууз̃у бираббин нәс
(2) мәликин нәс
(3) иләһин нәс
(4) мин шәррил уәсуәсил ханнәс
(5) әлләз̃ии йууәсуису фии судуурин нәс
(6) минәл жиннәти уәннәс.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
(1 ١) قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ
(2 ٢) مَلِكِ ٱلنَّاسِ
(3 ٣) إِلَٰهِ ٱلنَّاسِ
(4 ٤) مِن شَرِّ ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ
(5 ٥) ٱلَّذِى يُوَسْوِسُ فِى صُدُورِ ٱلنَّاسِ
(6 ٦) مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ
__________________
Аятәл курсидің қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аятәл күрси - аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)
«Аятәл күрси - Құран кәрімнің төрттен бірі.» (Әбушшәйх)
«Үйінде Фатиха мен Аятәл күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді.» (Дейләми)
«Жатарда Аятәл күрси оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәһид ун нубууә)
«Әр парыз намазынан кейін Аятәл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)
«Үйінен шығарда Аятәл күрси оқыған адамға үйіне қайтқанға дейін жетпіс періште дұға және истиғфар етеді.» (Әйухәл уәләд илмихалы) (Көлікке мінгенде де Аятәл күрси оқу апаттар мен бәле-жаланың алдын алады.)
Аятул күрсиді ықыласпен оқыған адамның, адам мен жануар ақыларымен парыз қарыздарынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Яғни тәубелері қабыл болады. (Ислам Ахлақы)
Хазреті Әли: «Қабір азабынан құтылу үшін Аятул күрсиді көп оқу керек» - деген. (Зухра-тур-Рияз)
“Әйухәл уәләд илмихал”-ындағы хадис шәрифтер төмендегідей:
«Намаздан кейін Аятәл күрси оқыған адамға әрбір әрпі үшін 40 сауап жазылады.»
«Кімде-кім намаздан кейін бір рет Аятәл күрси оқыса, сол аят Арш ағлаға дейін көтеріліп, тоқтамастан әрекет етіп “Йа Рабби, мені оқыған құлыңды кешіре гөр!” - дейді. Хақ та’ала мекен мен бағыттан тыс болып, “Ей періштелерім, куә болыңдар, намаздан кейін Аятәл күрсиді оқыған құлымның күнәларын кешірдім” дейді.»
«Парыз намазын бітіргеннен кейін бір рет Аятәл күрсиді оқып, 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар және бір рет “Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәй-ин қадир” деген адамның күнәларын Алла Тағала кешіреді.»
__________________
Аятәл курси «Бақара сүресінің 255 аяты»
👉 https://vk.com/club177957182
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ ۚ لَا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ ۚ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ ۚ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ ۖ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلَّا بِمَا شَاءَ ۚ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ ۖ وَلَا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا ۚ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
«Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим.
Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум жим лә тә'хуз̃уһу синәтуу уәлә нәум жим ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд қалә мән з̃әл ләз̃ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз̃ниһ жим йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум cалә уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә жим уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда cалә уәлә йәуудуһу хифзуһумә жим уәһууәл ъалиййул ъазиим.
Мағынасы: Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.
__________________
№67 «Мүлк» сүресінің қасиеті:
✅«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).
🍀«Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»
🍁«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ та’ала қабір азабын алып тастайды.»
📌«Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»
🔴«Мен Мүлк сүресінің үмбетімдегі әрбір адамның жүрегінде болуын ұнатамын.»
🔵«Құран кәрімнен отыз аяттық бір сүре бір адамға шапағат етті және нәтижесінде кешірілді. Ол - Мүлк сүресі.»
📕Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Расулуллаһ алейһиссаламға мұны айтқанда, ол:
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.
📗Абдуллаһ ибн Аббас былай деді:
«Мүлік сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Хақ та’аланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Аллаһтан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Аллаһ мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.»
✅Мұхаммед бин Алқами былай деді:
«Әр түні Тәбәрака (Мүлік) сүресін оқығандарға қабір сұрағы сұрамайды.»
🔷Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деді:
«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлік сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлік сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.»
🔶Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген:
«Кімде-кім, әр түні Мүлік сүресін оқыса, Аллаһу та’ала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.»
👉 №67 Мүлк сүресі
https://vk.com/club174519118 👈
Тіркеліңіз 👉 https://vk.com/club114777343